Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстандықтардың банк шоттарындағы қаржыны салықшылар тексермек

Қазақстандықтардың банк шоттарындағы қаржыны салықшылар тексермек

August 27, 2025 11:04

Қазақстанда мемлекеттік кірістер органдарына қазақстандықтардың банк шоттарына қолжетімділік беру көзделіп отыр. Олар шоттағы қалдық пен қаражат қозғалысын біле алатын болады, деп хабарлайды QZ NEWS NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрлігі банктерді өз клиенттері туралы белгілі бір мәліметтерді беруге міндеттейтін бұйрық жобасын әзірледі.

Егер бұйрық күшіне енсе, банктер мемлекеттік кірістер органдарына мына деректерді беруге міндетті болады:

  • шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы;
  • ақша қаражаттарының қалдығы мен қозғалысы туралы;
  • несиелер туралы;
  • 20 000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары (2025 жылы – 78 640 000 теңге) мүлік сатып алғандардағы қаражат қалдығы мен қозғалысы туралы.

Бұл норма активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны), сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыруға тиіс азаматтарға қатысты болмақ. Бұған дейін біз 2025 жылы кімдерге салықтық есептілікті тапсыру қажет екенін егжей-тегжейлі жазғанбыз.

Жаңа ережелер азаматтардың табысы мен мүлкін тексеруді жеңілдетіп, әділ салық салуды қамтамасыз етуге, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған. Қазір бұйрық жобасы 2025 жылғы 9 қыркүйекке дейін жалғасатын ашық талқылау кезеңінде тұр.

Shares