Қоғамдық қабылдау
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Amanat» партиясы желісі бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында өңір тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, олардың қатарында: ауыр атлетиканы дамыту, Жеңіс саябағындағы мини-футбол алаңын қайта жаңарту, апатты деп танылған тұрғын үйлердің орнына жаңа баспана беру, инженерлік желілерді күтіп-ұстау мәселелері, тұрғын үйлерге кіреберіс жолдардың жағдайын жақсарту және аула жарығын орнату мәселесі бар, деп хабарлайды QZ News.
Облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдауды және олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.