Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СКО-да баға белгілеу талаптарын бұзғандарға 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

СКО-да баға белгілеу талаптарын бұзғандарға 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

September 15, 2026 12:39

Петропавлда өңірлік комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесін белгіленген мөлшерден асыру фактілерін қарады. Тауар бағасын қалыптастырудың әр кезеңінде, яғни өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі аралықта белгіленген шектің сақталуына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу кезінде сауда үстемесін асыру фактілері қаралды. Бұл талаптарды «Potatoes» ЖШС, «Торгсервис КЗ-2» ЖШС және «Кұспанов» жеке кәсіпкерлігі бұзған.

Бұдан бөлек, мониторинг барысында «Слобода» және «Корона изобилия» маркалы күнбағыс майын сату кезінде де заң бұзушылықтар анықталған. Сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшері 15 пайыз болса, жекелеген жағдайларда нақты көрсеткіш 20,03-тен 25 пайызға дейін жеткен.

Мамандардың айтуынша, баға белгілеу тәртібін бақылау тек бөлшек сауда кезеңімен шектелмеуі тиіс. Тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл қозғалыс тізбегін қадағалау маңызды. Өйткені арадағы делдалдардың көбеюі және жекелеген кезеңдерде тауар құнының негізсіз өсуі ақыр соңында тұтынушы төлейтін бағаға әсер етеді.

Жыл басынан бері СҚО-да сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 71 әкімшілік іс қаралған. Нәтижесінде жалпы сомасы 5,4 миллион теңге болатын айыппұл салынды. Ал белгіленген шекті мөлшерді қайтадан бұзған кәсіпкерлерге қатысты тағы 12 хаттама толтырылып, 2,66 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға бақылауды өндірушіден бастап сауда сөресіне дейінгі барлық кезеңде күшейту қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық сауда үстемесін сақтау талаптары тағы бір мәрте түсіндірілді.

Shares