СҚО-да құтқарушылар аударылған КАМАЗ-дан ер адамдарды алып шықты
Айыртау ауданында ТЖМ қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігінің кабинасында қысылып қалған екі ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды QZ News.
Оқиға Шалқар көлінің маңындағы «Бастау» демалыс аймағына жақын жерде болған. ҚР ТЖМ мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
Куәгерлер бірден құтқару қызметіне хабар берген. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен көліктің қираған кабинасынан зардап шеккендерді алып шыққан. Екі ер адам жедел жәрдем бригадасына табысталып, ауруханаға жеткізілді.