Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО экологтары: «Жарты жылда 80-нен астам құқықбұзушылық анықталып, 30 миллион теңге айыппұл салынды»

СҚО экологтары: «Жарты жылда 80-нен астам құқықбұзушылық анықталып, 30 миллион теңге айыппұл салынды»

Солтүстік Қазақстан облысының экология департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы жұмыстың қорытындысын шығарды. Аталған кезеңде 41 тексеріс жүргізіліп, 82 экологиялық заң бұзушылығы анықталған. Бұл туралы СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық экология департаментінің басшысы Талғат Сабиев мәлімдеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жүргізілген тексерістердің ішінде:

13-і — нысандарға барумен өткізілген профилактикалық тексеріс;

1 — лицензия беру мақсатында біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған профилактикалық тексеріс;

25 — жоспардан тыс тексеріс;

2 — талаптарға сәйкестігін тексеру.

Нәтижесінде 80 заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, олардың 70-і (87,5%) орындалған.

Әкімшілік сипаттағы 57 шара қабылданды. Атап айтқанда:

44 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 30 155 979 теңге;

5 ескерту туралы қаулы шығарылды;

8 іс сотқа жолданды. Оның 7-і бойынша сот 13 124 200 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды, 1 іс сот қарауында.

Айыппұлдарды өндіру бойынша:

41 айыппұл 12 622 284 теңге сомасында ерікті түрде өтелді;

1 айыппұл 58 980 теңге — мәжбүрлі түрде өндірілуде;

2 айыппұлдың орындалу мерзімі әлі басталмаған.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында талап-арыз жұмысы аясында департамент 12 сот процесіне қатысты: 1 — азаматтық іс бойынша, 8 — әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша, 3 — әкімшілік соттарда қаралған әкімшілік істер бойынша.

Shares