Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полициясы турникке асылған 17 жастағы мектеп оқушысының өліміне байланысты тергеуді бастады

СҚО полициясы турникке асылған 17 жастағы мектеп оқушысының өліміне байланысты тергеуді бастады

August 19, 2025 10:31

18 тамыз күні Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында жасөспірімнің денесі турникке асулы күйде табылды, деп хабарлайды QZ news.

Ведомство мәліметінше, жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді полицияның баспасөз қызметі.

@halyqstan телеграм-арнасының хабарлауынша, марқұмның отбасы – толық әрі тұрмысы жақсы жанұя. Көршілерінің айтуынша, жасөспірім ата-анасымен ұрсыспаған, жанжал да шықпаған. Артында хат қалдырмаған. Қыркүйек айында ол 11-сыныпқа баруы тиіс болған.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да кәмелетке толмағандар арасында үшінші суицид фактісі тіркеліп отыр.

Shares