Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тайынша ауданында фельдшерлі-акушерлік пункттың құрылысы басталады

Тайынша ауданында фельдшерлі-акушерлік пункттың құрылысы басталады

October 5, 2023 12:11

Тайынша ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қарағаш ауылының тұрғындарымен кездесті. Әңгіме барысында ауылды дамыту талқыланып, тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Қазір Қарағаштағы 6 көшенің жолдары жөнделуде. Келесі жылы су желілерін жөндеуді қарастырамыз. Фельдшерлі-акушерлік пункттың құрылысы басталады”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Астық STEM» серіктестігі де елді мекенге көмек қолын созуда. Серіктестік басшысы медициналық нысанға автокөлік алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ауданда жасаған жұмыс сапары кезінде өңір басшысы кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, картоп пен сәбіз жинау барысын қарап, алқапта диқандармен тілдесті.

 

Shares