Үш көлік соқтығысты: Volkswagen Passat пен екі «Газель» Чапаево ауылы маңында жол апатына ұшырады

14 желтоқсанда «Астана – Петропавл» автожолында, Чапаево ауылының маңында үш көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеңіл автокөлік Volkswagen Passat пен «Газель» маркалы екі жүк көлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Volkswagen Passat көлігінің 32 жастағы жүргізушісі медициналық тексеруден өту үшін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Қалған жол апатына қатысушылардың жағдайы туралы ақпарат әзірге белгісіз.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі уақытта материалдар жиналып, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Қыс мезгілінде жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтауға және рөлде барынша мұқият болуға шақырамыз», – деп хабарлады СҚО ПД.
