Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қоғамдық қор Боголюбово ауылының тұрғынына өлген мал үшін 280 мың теңге көлемінде өтемақы алуға көмектесті

Қоғамдық қор Боголюбово ауылының тұрғынына өлген мал үшін 280 мың теңге көлемінде өтемақы алуға көмектесті

Қызылжар ауданы Боголюбово ауылының тұрғыны су тасқыны кезінде малдың бір бөлігінен айырылды. Жерлесіміз сиыр, бұзау, тауық өсірді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бізге бір күн бұрын малды айдауға көмектесті: екі сиыр, екі бұзау және бес қой болды. Оларды көршінің қорасына айдадық, жолда қойлар қашып кетті”, – деді Боголюбово ауылының тұрғыны Владимир Бахтов.

Өлген жануарлар арнайы базада есепте тұрмаған. Ауыл тұрғынына шығын орнын толтыруға қоғамдық қор көмектесті. Оған 280 мың теңге төленді.

“Ауылда барлығы 27 аула су астында қалды. 10 үй бойынша құжаттар рәсімделді. Бүгіннен бастап адамдар жаңа үйлеріне қоныстана бастайды. Осындай қиын сәтте адамдарды қалдырмағаны үшін мемлекетке көп рахмет. Айта кетейін, ауылдық округте су тасқыны салдарынан бұдан басқа мал зардап шеккен жоқ. Адамдар да, жануарлар да уақытында эвакуацияланды”, – деді Куйбышев ауылдық округінің әкімі Лариса Викторович.

Shares