Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тайынша ауданында мұғалімдердің еңбек демалысы заңсыз қысқартылған

Тайынша ауданында мұғалімдердің еңбек демалысы заңсыз қысқартылған

СҚО прокурорлары еңбек қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Тайынша ауданының білім бөлімінің лауазымды адамдары 2021 жылғы 1 ақпандағы ҚР Білім және ғылым вице–министрі бекіткен Еңбек кодексінің және әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің талаптарын бұза отырып, білім беру саласындағы қызметкерлерге 33 емес, 30 күн көлемінде ақылы еңбек демалысын берді”, – деп жазылды облыстық прокуратураның хабарламасында.

Ауданның білім бөлімінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 94 қызметкерге қосымша 3 күн көлемінде демалыс көбейтілді, сондай-ақ 945 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат есептелді.

 

Shares