Петропавлда жылу беру маусымы басталды
Қала басшылығының қаулысы негізінде 1 қазаннан бастап «Петропавл жылу желілері» ЖШС нысандарды кезең-кезеңімен жылуға қосу науқанын бастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Алғашқы күні балабақшалар мен емдеу мекемелеріне, ал үшінші күні тұрғын үйлерге жылу беріле бастады. Қаланы жылумен қамтудың кешенді жүйесі кем дегенде 10 күн бойы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Магистральдық, тарату және ішкі жүйелерді іске қосу жұмыстарының ауқымдылығына байланысты бір-екі күнде бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ету техникалық тұрғыдан мүмкін емес екен.
«Петропавл 2-ЖЭО жылу беру маусымының басталуына 100 пайыз дайын. Үйлерде жылу қаншалықты тез пайда болатыны осы кезеңде жедел жұмыс істейтін ПИК де байланысты», – деп толықтырды ведомстводан.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС қаланы жылумен қамтудың бағдарламасын ұсынды:
- 3 күннен кейін 19 және 20 ықшам аудандарда, Борки кентінде, Юбилейный шағын ауданында жылу пайда болады.
- 4 күннен кейін Береке ықшам ауданына, вокзал аумағы мен Жұмысшы кентіне жылу беріледі.
- Алтыншы күні Шухов к-сі – Мүсірепов – Набережная – Жамбыл. Мүсірепов – Нұрсұлтан Назарбаев көшесімен – Жабаев даңғылымен – Алматы көшелерінде жылу пайда болады.
- Жетінші күні Алматы көшесінен – Абай көшесіне жылу жетеді (қаланың оңтүстік бөлігі)
- Сегізінші күні Театральная к-сі шекарасында – С.Мұқанов – Назарбаев – Абай көшесіне дейінгі аралықта жылу болады
Соңғы күні, Алтынсарин – Амангелді көшесінен ДСР бағытында беріледі. 9 немесе одан да көп қабаттағы тұрғын үйлерде «өзіне» кері құбырдағы қысым реттегіштері жоқ нысанбар қамтылады.