Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында үздік мұғалімдер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында үздік мұғалімдер марапатталды

Қазақстанда Ұстаздар күні 5 қазанда тойланады. Мереке қарсаңында облыс орталығында бірқатар ұстаз марапатталды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Мұғалім мамандығы бүкіл әлемде сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Жас ұрпақтың тәрбиесі ұстазға байланысты. Бүгін 30-дан астам солтүстікқазақстандық ұстаздың еңбегі түрлі марапаттармен бағаланды. Ұстаз мәртебесін көтеру – шараның басты мақсаты дейді ұйымдастырушылар.

«Мұғалімнің рөліне баға жетпес, өйткені бәрі мектептен басталады. Біз олардың жетістіктерін атап өткіміз келеді. «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің филиалы атынан 10 мұғалімді марапаттадық. Облыстық кәсіподақ ұйымы, «Ауыл» партиясының филиалы және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия 5 мұғалімнен марапаттады», – дейді «Сенімен болашақ» СҚОФ жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.

 

Shares