Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 1000 мұғалім марапатталды

Петропавлда 1000 мұғалім марапатталды

Халықаралық мұғалімдер күніне орай «Мен Алматылықпын» қоғамдық бірлестігі Петропавл қаласы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығының мұғалімдеріне 15 мың теңгенің алғыс хаты мен сертификатын табыс етті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ұстаздарды құттықтау идеясы «Игі істер саясаты» акциясы аясында туындады. Елімізде ұстаздық мамандық ең асыл, құрметті мамандықтардың бірі болып саналады. Қазақстанның болашағын қалыптастыру – ұстаздар үшін ерекше миссия. Бұл күні ешкім сыйлықсыз қалмады.

«Бұл – біздің Петропавлдағы 5-ші шара. Ұстаздар күнін Magnum брендімен атап өтуді жөн көрдік. Алғыс хаттар мен 15 мың теңгенің сертификаттары табысталады. Бұл бастаманы Петропавл тұрғындары көтерген еді. Алдағы уақытта біз басқа мамандарға қолдау көрсетуді қолға аламыз», – дейді «Мен Алматылықпын» ҚБ жетекшісі Саида Тәукелева.

 

Shares