Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыс әкімі «Qyzyljar» аймағының зауыттарын аралады

Облыс әкімі «Qyzyljar» аймағының зауыттарын аралады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына қатысушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Электротехникалық зауыттың қуаттылығы жылына 13 мың трансформатор мен шкаф құрылымдарын құрайды. Бүгінгі таңда мұнда 187 адам жұмыспен қамтылған. Alageum Electric – бұл әлеуметтік жауапты бизнестің үлгісі. Компания қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етеді. Қазір «Жас өркен» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр.

Аймақ басшысы «Қазтехмаш» машина жасау зауытында да болды. Компания арнайы экономикалық аймаққа биыл кірді. Бүгінгі таңда цехтың жөндеу жұмыстары аяқталып, 4 комбайн құрастырылды, тағы 17-сі конвейерде. 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 96 бірлік техниканы  құрайды.

Shares