Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО құтқарушылары тұрғындарға саңырауқұлақтарды дұрыс теру мен дайындау ережелерін еске салады

СҚО құтқарушылары тұрғындарға саңырауқұлақтарды дұрыс теру мен дайындау ережелерін еске салады

August 27, 2025 18:50

Саңырауқұлақ маусымы басталысымен Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғындарға дұрыс таңдалмаған немесе дұрыс дайындалмаған саңырауқұлақтардан уланбау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Әрбір саңырауқұлақ теруші есте сақтауы тиіс қағидалар:

  • Дұрыс орынды таңдаңыз. Көлік жолдарының маңында, зауыттар мен өнеркәсіптік аймақтарға жақын жерде саңырауқұлақ теруге болмайды, себебі олар зиянды заттарды өзіне сіңіріп алады.
  • Егер саңырауқұлақтың түріне сенімді болмасаңыз, оны алмаған дұрыс. Ескі, көгерген, шіріген немесе құрт түскен саңырауқұлақтарды да жинауға болмайды.
  • Мұқият пісіріңіз. Қолданар алдында саңырауқұлақтарды жақсылап жуып, ұзақ термиялық өңдеуден өткізу қажет.
  • Сақтау ережесін ұстаныңыз. Саңырауқұлақ тағамдарын қайта-қайта ысытуға және ұзақ уақыт сақтауға, әсіресе тоңазытқышта, болмайды.
  • Дәрігерлер балаларға, жүкті әйелдерге және қарт адамдарға саңырауқұлақ жеуге кеңес бермейді.

«Алғашқы белгілер — жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, әлсіздік немесе диарея байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет», – деп еске салды СҚО ТЖД.

Shares