Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 9 мың гектардан астам орман қорғаусыз қалған

СҚО-да 9 мың гектардан астам орман қорғаусыз қалған

August 29, 2025 14:17

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы орман шаруашылығы саласында елеулі заңбұзушылықтарды анықтады. Белгілі болғандай, 9 мың гектардан астам орман алқаптары мемлекеттік орман қорына енгізілмей, қорғаусыз қалған, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бұзушылықтар облыстың алты ауданында анықталды: Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Тимирязев аудандары. Орман кодексіне сәйкес, мұндай алқаптар мемлекеттік қор құрамына кіруі тиіс еді, алайда СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасының лауазымды тұлғалары тиісті шараларды қабылдамаған.

«Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрды, анықталған учаскелерді мемлекеттік орман қоры құрамына енгізу үшін нақты мерзімдер мен жауапты орындаушыларды белгілей отырып, Жол картасын жасады. Комиссия қабылдаған шаралардың нәтижесінде 46,2 гектар орман жамылғысы бар жер Қызылжар орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорына берілді, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда. 4 лауазымды тұлға өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Shares