Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы түнгі клубтағы жанжал төбелеске ұласып, екі қылмыстық іс қозғалды

Петропавлдағы түнгі клубтағы жанжал төбелеске ұласып, екі қылмыстық іс қозғалды

August 25, 2026 11:10

 

 

Петропавлда полиция қызметкерлері қаладағы танымал ойын-сауық орындарының бірінде болған түнгі жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға пышақ жарақаттарымен аяқталған, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Оқиға 23 тамыз күні таңғы сағат 05:28 шамасында болған. Түнгі клуб келушілерінің арасында жанжал шығып, артынша төбелеске ұласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес кезінде жанжалға қатысушылар суық қару қолданып, пышақ жарақатын алған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша екі қылмыстық іс аясында тергеу амалдары басталған.

«Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген СҚО ПД хабарламасында.

Shares