Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Ж. Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжге 500-ге жуық студент бірінші курсқа қабылданды

Петропавлдағы Ж. Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледжге 500-ге жуық студент бірінші курсқа қабылданды

September 1, 2026 20:35

Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде жаңа оқу жылы басталды. Биыл оқу орнының студенттер қатарына 460 болашақ медицина маманы қосылды. Білім беру бағдарламалары мен сұранысқа ие мамандықтар туралы оқу орнының өкілдері QZ News тілшісіне айтып берді.

2026-2027 оқу жылына қабылдау науқаны сәтті аяқталды. Биыл 150 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында, ал 310 студент ақылы негізде оқуға қабылданды. Бұрынғыдай ең сұранысқа ие бағыт – «Мейіргер ісі». Қазіргі таңда бұл мамандық бойынша 563 студент білім алып жатыр. Өзге де мамандықтарға сұраныс жоғары.

„Емдеу ісі“ мамандығында 449 адам білім алуда. Медициналық зертханашы біліктілігін 68 студент меңгеріп жатыр. „Фармация“ мамандығында 46 адам, „Акушерлік іс“ бойынша 22, „Стоматология“ мамандығының „Дантист“ біліктілігі бойынша 62, ал „Ортопедиялық стоматология“ мамандығының „Тіс технигі“ біліктілігі бойынша 61 студент оқиды», – деп хабарлады колледж өкілдері.

Сонымен қатар колледж пилоттық жобаға қатысушы оқу орындарының қатарына қосылды. Биыл «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Медициналық ассистент» біліктілігіне қабылдау ұйымдастырылды.

«Колледждің бұл жобаға енгізілуі сұранысқа ие біліктіліктер тізімін кеңейтіп, медициналық білім алуға қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашты», – деп атап өтті оқу орнында.

Жалпы, колледжде 1271 студент медициналық білім алып жатыр. Оның 535-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 736-сы өз қаражаты есебінен білім алуда.

Сонымен қатар колледж аумағында 300 орындық жатақхананың құрылысы жалғасып жатыр.

Shares