СҚО-да мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысында партиялық тізімдер мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары жарияланды. Бірмандатты округтер бойынша 536 кандидат тіркелді. Оның 45-і облыстық мәслихатқа, 56-сы қалалық мәслихатқа, ал 435-і аудандық мәслихаттарға үміткер, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Орта есеппен бір депутаттық мандатқа үш адамнан үміткер. Сонымен қатар, бес саяси партияның партиялық тізімдері бойынша облыстық мәслихат депутаттығына 52 кандидат тіркелді.
Тіркелген кандидаттар мен саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Үгіт кезеңі 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша, сенбі – тыныштық күні болып жарияланды. Ал дауыс беру 29 қараша, жексенбі күні өтеді.
Аталған күндері кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге қатаң тыйым салынады.
