Қазгидромет СҚО тұрғындарын ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ туралы ескертті

Қараша айының басында солтүстікқазақстандықтарды жылы ауа райы күтіп тұр. Дегенмен, ауа райында өзгерістер де болады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның алғашқы күндері жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Аптаның ортасына қарай жауын-шашын болмайды, демалыс күндеріне таман ауа температурасы қайта көтеріледі. Бұл туралы QZ NEWS тілшісі хабарлайды.
2 қарашада ауа райы өзгере бастайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы болады. Облыстың батысында 3 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 3-8 градусқа дейін жылынады.
3 қарашада жауын-шашын тоқтайды. Алайда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болған жөн. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аяз, шығыста 2 градус жылы болады. Күндіз 3-8 градус жылы күтіледі.
4 қарашада айтарлықтай жауын-шашын болжанбайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман сақталады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аяз, облыстың батысында 2 градус жылы болады. Күндіз термометр бағандары 3-8 градусты көрсетеді.
5 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Түнде 1-6 градус аяз, облыстың батысында 2 градус жылы күтіледі. Күндіз ауа температурасы сәл көтеріліп, 7-12 градусқа дейін жылынады.
6 қарашада ауа райы қайтадан бұзылуы мүмкін. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз аталған аудандарда жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус аяз болады. Күндіз ауа 7-12 градусқа дейін жылынады.
