Булаевода өрт сөндірушілер көрші үйді оттан аман алып қалды

Қатты жел жеке тұрғын үйдегі өрттің одан әрі өршуіне себеп болуы мүмкін еді. М. Жұмабаев ауданының Булаево қаласында жалын көрші ғимаратқа таралу қаупін тудырған. Алайда өрт сөндірушілер тілсіз жаудың таралуына дер кезінде тосқауыл қойды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Өрт Степная көшесінде шыққан. Желдің екпіні салдарынан жалын жылдам таралып, көрші үйге қауіп төнген. Мұндай жағдайда әр минуттың маңызы зор. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Нәтижесінде өрттің таралуына жол бермей, оны оқшаулап, толық сөндірді. Осылайша көрші ғимарат оттан аман қалды.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.
