Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «Жас маман – жаңа қадам» атты IV облыстық жас педагогтар слеті өтті

Петропавлда «Жас маман – жаңа қадам» атты IV облыстық жас педагогтар слеті өтті

Петропавл қаласында білім беру саласындағы жас мамандарды біріктірген «Жас маман – жаңа қадам» атты IV дәстүрлі облыстық слет өтті. Іс-шараға 50 жас педагог қатысты. Іс-шараның мақсаты – педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру, деп хабарлайды QZ News.

Қатысушыларға алғаш болып сөз арнаған – СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев. Ол білім беру жүйесінің адалдық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жастардың бойында жемқорлыққа қарсы иммунитетті тек мектеп пен жоғары оқу орындарындағы жүйелі жұмыс арқылы қалыптастыруға болады.

Слет бағдарламасына шеберлік сабақтары, тренингтер мен тәжірибе алмасу сессиялары енді.

Қатысушылармен өз білім-тәжірибесін мына сала мамандары бөлісті: Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, «Даму» әдістемелік орталығының жетекшісі, «Ақмола дарыны» дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының әдіскері, «El Umiti» олимпиадалық дайындық орталығының жетекшісі, Smart Ustaz жобасының жетекшісі және басқа да сарапшылар.

Жас мамандар алған білім мен дағдылардың кәсіби қызметтерінде маңызды екенін атап өтті.

Shares