Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да аптаның ортасында жауын-шашын мен көктайғақ тіркеледі

СҚО-да аптаның ортасында жауын-шашын мен көктайғақ тіркеледі

«Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы мамандары алдағы үш жұмыс күніне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 4 қараша күні Петропавлда -1+1 °C тіркеледі, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. 5 күні облыс орталығында 0-2 °C болады, құрғақ ауа райы сақталады. 6 қараша күні температура -1+1 °C құрамақ, бұлт шығады, жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болады.

Дүйсенбі күні облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, -2+3 °C тіркеледі. 5 қарашада аудандар аумағында жауын-шашын болмайды, сынап бағанасы 0-5 °С көрсетеді. 6 күні жаңбыр жауады, қар түседі, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі, градус -2+ 3 °C құрамақ.

Shares