Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » Петропавлда санаторлы-курорттық кешен мен қонақ үй салынуда

Петропавлда санаторлы-курорттық кешен мен қонақ үй салынуда

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  Петропавлдағы туризм саласындағы құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Петропавл маңында тұрғындар мен туристер үшін жаңа санаторлық-курорттық кешен пайда болады. Жергілікті кәсіпкер бұрынғы «Волна» балалар лагерін қайта жаңғыртып, оны жыл бойы жұмыс істейтін кешенге айналдыруда.  Жоба үшжылдық, ал инвестиция көлемі – 2,5 млрд. теңге. Жаңа нысанда 500 адамға арналған 150 нөмір болады, демалушыларға сауықтыру процедуралары ұсынылмақ.  Кешеннің ашылуы демалыстың сапасын жақсартып қана қоймай, 150 тұрақты жұмыс орнын құрады. Бұл жоба өңірде медициналық туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. 

Сонымен қатар облыс орталығында жаңа «Самовар» қонақ үйі ашылмақ. Бұл жобаға 1 млрд. теңге инвестиция салынған. «Даму» қорынан мемлекеттік қолдау көрсетілді. Қонақ үйде 34 нөмір болады, 15 жаңа жұмыс орны құрылады. Петропавлда қазір 26 қонақ үй бар, олар 800 демалушыны қабылдай алады.

Одан бөлек, Имантау-Шалқар курорттық аймағында инвесторлар 16 жобаны жүзеге асырып, экоотельдер мен глэмпингтер салуда. Мұндай жобалар туристік инфрақұрылымды және қызметтердің сапасын жақсартуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, жаңа инвесторларды тартуға және өңірімізді қосымша табыс көздерімен қамтуға ықпал етеді.

Shares