Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » СҚО-да ауқымды «Drive Forum Imantau-Shalkar» фестивалі өтеді

СҚО-да ауқымды «Drive Forum Imantau-Shalkar» фестивалі өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды «Drive Forum Imantau-Shalkar» фестивалі өтеді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің отырысында СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Амрин айтты, деп хабарлайды QZ News.

«Биыл «Drive Forum Imantau-Shalkar» фестивалін бірлесіп өткізу жоспарланған. Оның аясында ауданның көрікті жерлеріне автоэкспедиция ұйымдастырылып, көрме, шеберлік сабақтары, дәрістер мен музыкалық бағдарламаға арналған ашық алаң жұмыс істейтін болады. Фестивальге Қазақстан мен Ресей өңірлерінен шамамен 200 автокөлік қатысады деп күтілуде», – деді Дархан Әмрин.

Естеріңізге сала кетейік, бұл фестивальді өткен жылы өткізу жоспарланған болатын. 2024 жылдың басында СҚО-ға Қазақстан автомототуризм қауымдастығының президенті, белсенді демалыс пен саяхатқа арналған халықаралық Driveforum фестивалінің ұйымдастырушысы Абдуали Абдуғали келген еді. Ол Солтүстік Қазақстан облысы рестораторлар мен қонақүй иелері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзамен бірге облыс әкімдігі өкілдерімен кездесіп, караваншылар, джип жүргізушілер мен кемпинг туризмін ұнатушыларға арналған фестиваль өткізуді ұсынған болатын.

Фестивальдің басты мақсаты – саяхатшыларды Солтүстік Қазақстан облысы сияқты ерекше орынмен таныстыру. Алайда өткен жылы өңірде қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты фестивальді кейінге шегеру туралы шешім қабылданған.

Shares