Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тоғыз бала есігі бұғатталып қалған пәтерден құтқарылды

Петропавлда тоғыз бала есігі бұғатталып қалған пәтерден құтқарылды

27 маусым күні Петропавлдағы Әуезов көшесінде есігі бұғатталып қалған пәтерден тоғыз бала құтқарылды, деп хабарлайды QZ News.

112 пультіне кіреберіс есікті ашуға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есіктің құлпы бұғатталып қалғанын, ал ішінде кәмелетке толмаған балалардың бар екенін анықтады.

Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, балаларды сыртқа шығарды. ТЖД мәліметінше, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.

Shares