Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері болды

Қозыбаев университетінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері болды

Бүгінгі таңда Қозыбаев университеті Президент жүктеген үш стратегиялық міндетті жүзеге асыруда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Рената Апергенова міндеттерге кеңінен тоқталды.

«Бірінші – Назарбаев Университеті принципі бойынша қуатты аймақтық университет құру. Екіншісі – халықаралық кампус, Аризона университетімен ынтымақтастық. Университет 2 жылдан бері ақпараттық жүйелер, биотехнология салаларында серіктестікте жұмыс істеп келеді, биыл білім ордасы дефектология, педагогика және психология, бастауыш білім беру әдістерін қамтитын инклюзивті білім беру бағдарламасын іске қосты. Үшінші атқарылатын міндет – академиялық шеберлік орталығы», – деді Рената Апергенова.

Кеңес мүшелері университет ғалымдары мен студенттерінің агрономия саласындағы ғылыми әзірлемелерімен танысты. Еліміздің солтүстік өңірі үшін олар әсіресе өзекті. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының климаты мен топырағына төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау, Солтүстік Қазақстан облысындағы жайылымдық жерлердің деградациясын зерттеу, жасыл конвейер құру бойынша қытайлық әріптестермен бірлескен зерттеулер жүргізілуде.

Университетте ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын сараптауға мүмкіндік беретін жаңа техника сатып алынады. Ал Geoskan дрондарының көмегімен танаптарды және басқа да ландшафттарды зерттеуге болады.

«Дәнекерлеудің дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін әлемге әйгілі Kuka брендінің құрылғылары бар инженерлік зертханалар мен медициналық зертханалар да қазір өзекті. Өңірге бұл салаларға арнайы мамандар қажет екені белгілі. Айтпақшы, Қозыбаев университетін былтыр тәмамдаған түлектердің 85% жұмысқа орналасқан», – деп атап өтті университет мамандары.

Shares