Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Алдағы 2024 жасыл ағаш айдаһар жылы қазақстандықтарға не әкеледі?

Алдағы 2024 жасыл ағаш айдаһар жылы қазақстандықтарға не әкеледі?

Астрологтар мен нумерологтар алдағы жаңа жыл сәттілік әкелу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар жаңа 2024 жыл қазақстандықтар үшін ақша жылы болатынына сенімді. Азаматтардың рухани дамуы, жаңа дағдыларды меңгеруі және қаржылық әл-ауқаты сандар және жұлдыздар арқылы көрсетілген. Ескерерлік жайт, белгілі бір шарттарды ескеру қажет.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа 2024 жыл қаржылық серпіліс, мансаптық өсу және табыс әкелуі керек. Нумерологтар бұл жыл 8 санымен тікелей байланысты екенін айтады. Яғни, 8 – аса қолайлы сан. Дегенмен, қиындықтар болады. Мамандар өз кезегінде халықты қорықпауға шақырады. Өйткені, бұл – болашаққа жасалған нық қадам. Келер жылы сауапты істерді көбірек жасап, қаңғыбас жануарларға көмектесіп, қайырымдылық жасауымыз керек екен.

«Алдағы 2024 жыл 8 санын көрсетіп тұр. Әдетте, 8 саны табыс, сәттілік және кірістің ұлғаюын аңғартады. Осыған сүйене отыра мен келесі жылы көптеген адам өз жұмысында табысқа жете бастайтынын айтқым келеді. Бұл жаңа жұмыс, жаңа қызмет болуы мүмкін. Сондай-ақ көпшілік қоныс аударуды қалайды. Бұл басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшу болуы мүмкін. Демек, жылжымайтын мүлікті сатып алушылар көп болады. 8 саны – табыстың кілті. Бұл – ақшаның белгісі», – дейді нумеролог Адема Мәуленова.

2024 жылы, атап айтқанда, 10 ақпаннан Жасыл Ағаш Айдаһар қытай күнтізбесі бойынша өзінің әсерін сездіре бастайды. Бұл – өтірікке, сараңдыққа шыдамайтын және жеке мүддені құп көрмейтін мифтік жануар. Адал, батыл, еңбекқор адамдарды табыс күтеді. Келер жыл түске де әсер етеді. Жасыл түс халықты бейнелейді. Сондықтан жасыл айдаһар жер шарының барлық тұрғындары үшін қолайлы болуы керек.

«Астрология бойынша бірнеше оқиға болады. Қоғамда болатын күшті жаһандық өзгерістерді аңғарамыз. Адамдар еркіндікті, адамгершілікті қалайды. Маусымға дейін сәттілік жақындамақ. Бұл жылда позитивті шаралар, көңілді кештер көп болуы тиіс. Өйткені айдаһар мұндай қызықтарды жақсы көреді», – деп астролог Юлия Кацман алдағы жылдың сырын ашты.

Сарапшылар Айдаһарды молшылықпен қарсы алу қажеттігін айтады. Сонымен қатар, астрологтар дастарханға ақтан жасалған тағамдарды, сүт, қаймақ, нан және қызыл алма қоюға кеңес береді. Ал киімге келсек, кез-келген түсті таңдай аласыз.

«Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл, яғни Айдаһар жылы 10 ақпанда басталады. Егер біреу жаңа жылды жасыл түстегі киіммен қарсы алғысы келсе, 10 ақпанда әзірлеген киімін кигені жөн. Ал 31 желтоқсанда қызыл, қызғылт сары, қою қоңыр, қою көк және қара түстегі киімдері кию керек», – деп кеңес берді астролог Фариза Сақтаған.

Келер жыл Қазақстан үшін тыныш, қалыпты болуы керек. Бірінші жартыжылдық экономикалық өсім және басқа елдермен табысты дипломатиялық ынтымақтас арқылы сипатталады. Бірақ жазға жақын қазақстандықтар денсаулыққа мән бергендері жөн.

«Жылдың бірінші жартыжылдығында экономикалық, қаржылық тұрғыда жақсы серпіліс болады. Бұл еліміз үшін аса маңызды дер едім. Теріс көрсеткіштерді байқап тұрғаным жоқ. Ал жылдың екінші жартысында етек-жеңді жинау керек. Мұнда денсаулық өте өзекті мәселеге айналуы мүмкін», – деп түйіндеді астролог.

 

Астрологтар 30 және 31 желтоқсанда аспанда жарты ай болатынын атап өтті. Сондықтан Жаңа жылға дейін заттарды ретке келтіріп, қажетсіз нәрселерден арылу керек. Жаңа ай және жылмен бірге таза энергияны енгізу аса маңызды саналады.

Shares