Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сәкен Қасымов СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды

Сәкен Қасымов СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды

October 9, 2026 16:04

Сәкен Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды QZ NEWS «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Сәкен Қасымов 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша бухгалтер-экономист және заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазынашылық басқармасында жетекші маман – жетекші қазынашының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

2005 жылы Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде бас маман – бас қазынашы болып жұмыс істеген.

2005–2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бас маманы қызметін атқарған.

2008–2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бас сарапшысы болған.

2012–2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2017–2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарған.

2020 жылдан бастап Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Shares