Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Петропавлда 19 қыркүйекте алғаш рет «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Петропавлда 19 қыркүйекте алғаш рет «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

September 18, 2026 15:06

Петропавлда 19 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жаңа форматта алғаш рет «Дала дәмі» атауымен өтеді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Сауда орындары «Алтын Арман» және «Коммунальный» базарларының аумағында ұйымдастырылады. Іс-шара сағат 08:30-да басталады. Жәрмеңкеде Айыртау, Тайынша, Аққайың, Қызылжар аудандарының, сондай-ақ Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкеге келушілер жаңа маусымдық өнімдердің кең түрін тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады. Олардың қатарында көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа және басқа да азық-түлік тауарлары бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Дала дәмі» жобасы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, олардың өнімдерін өткізу нарығына тікелей шығу мүмкіндігін кеңейтуге және қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Петропавл тұрғындары мен қала қонақтарын жәрмеңкеге келіп, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырады.

Shares