Петропавловск
+21°C
Главная страница » Заң және тәртіп » 15 тәулік қамауда отырып шыққан күні-ақ көлік тізгіндеген: Петропавлда жүргізуші куәлігінен айырылған азаматқа айыппұл салынды

15 тәулік қамауда отырып шыққан күні-ақ көлік тізгіндеген: Петропавлда жүргізуші куәлігінен айырылған азаматқа айыппұл салынды

November 19, 2026 15:00

Петропавлда айналма жол бойында рейд жүргізген полицейлер «JAC» автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 51 жастағы жергілікті тұрғын болған. Белгілі болғандай, ол осыдан небәрі екі апта бұрын көлік басқару құқығынан айырылған. Бұл туралы QZ NEWS тілшісі хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, бұған дейін қала тұрғыны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда заң бұзушы жазасын өтеп шыққан күні-ақ қайтадан рөлге отырған. Нәтижесінде оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Полиция департаменті заң талаптарын елемеуге болмайтынын еске салады. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көлік басқару құқығынан айырылған 335 жүргізуші ұсталған.

Сонымен қатар биылғы он айда өңірде 462 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 37 адам қаза тауып, 643 адам жарақат алған. Оның 443-і жүргізушілердің кінәсінен болған.

Shares