Петропавлдық “Томирис” сән театры РФ “Алтын ине” байқауында жүлде еншіледі
April 3, 2024 10:39

Мәскеуде кезекті “Алтын ине” байқауы өтті. Дәстүрлі шарада жергілікті “Томирис” сән театры қазылар алқасының мүшелерін тағы да таң қалдырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
28 наурыз бен 2 сәуір аралығында Мәскеуде 28 “Алтын ине” ұлттық байқауы өтті. Марапаттар үшін Ресейдің өңірлерінен, Беларусь және Қазақстаннан барған 96 театрдың қатысушылары сынға түсті: сән театрлары, костюм студиялары және модельдік студиялар.

Петропавлдық “Томирис” сән театры конкурста біздің еліміздің намысын қорғаған жалғыз ұжым болды.
Сән театрының орта тобы 2-ші орынға ие болды, ересектер тобы да жарады. Бұл топ “Қуыршақ” номинациясында 1 орын алды.
