Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тар бейінді медицина мамандары сертификаттау курстары арқылы дайындалады

Тар бейінді медицина мамандары сертификаттау курстары арқылы дайындалады

November 2, 2023 14:30

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 78 мың дәрігер, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 1700 дәрігер және 5 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 6 мыңға жуық білім гранты, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 92 грант бөлінді.

«Биыл облыс сұранысына сай 23 түлек бөлінді, оның 3-і ауылдық жерлерге жіберілді. 2023 жылы сертификаттау курстары арқылы тар бейінді мамандарды дайындау үшін жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020-2023 жылдарды қоса алғанда, медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру жүргізілуде: дәрігерлердікін – 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінікін – 20%-ға», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

 

 

Shares