Kozybayev University студенті Мансұр Бейсембай жеке жарыста Азия чемпионы атанды

Kozybayev University студенттері қазақстандық велоспорт мектебінің әлемдік деңгейдегі жоғары беделін тағы бір мәрте дәлелдеуде. Сауд Арабиясында велоспорттың тас жолдағы түрінен Азияның беделді чемпионаты басталды. Бұл жарысқа ұлттық құрама сапында Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жоғары оқу орнынан бірден екі өкіл қатысып жатыр. Әл-Қассим қаласында өткен жарыстың алғашқы күні-ақ өңірге және бүкіл елге алтын медаль әкелді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында жеке уақытқа жарыста Азия чемпионы атанған Педагогика факультетінің студенті Мансұр Бейсембай (ФКС 23-1 тобы). Қатаң бәсеке мен күрделі трасса жағдайында отандасымыз жеңіске деген ерекше жігерін көрсетті. 24,6 шақырым қашықтықты Мансұр рекордтық 29 минут 03 секундта еңсерді. Тартысты додада ол Моңғолия, Қытай және Жапонияның мықты шабандоздарын артта қалдырды.
