Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Новоникольск ауылында бірден төрт жаңа спорт нысаны ашылды

Новоникольск ауылында бірден төрт жаңа спорт нысаны ашылды

August 28, 2025 14:39

Нағыз спорт мерекесі Новоникольск ауылында өтті. Конституция күніне орай мұнда үлкен теннис корты, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ заманауи футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бұл нысандарға біз шамамен 55 миллион теңге жұмсадық. Яғни барлық инфрақұрылымымен, электр желілерін жүргізумен қоса алғанда. Мұнда жарыстарды, ойындарды кешкі және түнгі уақытта да өткізуге болады. Сондықтан нысандар толықтай заманауи, қауіпсіз, барлық жаңа технологиялармен салынған», – деді «Иван Зенченко» кәсіпорнының директоры Иван Зенченко.

Жұмыстар мамыр айында басталған. Алаңдарды салуға және орнатуға бүкіл жаз маусымы кеткен. Сонымен қатар ауылдың басқа бөлігінде бірнеше балалар және спорт алаңдары да салынды.

«Біз ауылымызда балалар кез келген спорт түрімен айналысып және жайлы демалатындай жағдай жасауға тырысамыз», – деп атап өтті Иван Зенченко.

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналары сөзсіз. Олар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, өңірде бұқаралық спорттың дамуына да ықпал етпек.

Shares