Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда Камиль Сафинді еске алуға арналған бокс турнирі басталды

Петропавлда Камиль Сафинді еске алуға арналған бокс турнирі басталды

November 2, 2023 10:18

Облыс орталығындағы бокс мектебінде Камил Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі турнир ашылды. Жарысқа 73 спортшы 13 салмақ дәрежесінде қатысуда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Рингте Қазақстанның барлық өңірінің спортшылары, сондай-ақ Ресей Федерациясының командасы күш сынасады. Бұл – жерлесіміз, КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камил Сафинді еске алуға арналған 10 турнир.

Турнир дәстүрге айналды. Жарыс еліміздің барлық өңірлеріндегі жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ол 5 күнге созылады, жексенбі, 5 қарашада соңғы жекпе-жектер өтеді.

Shares