Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жүгіру шарасына 40 адам қатысты

ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жүгіру шарасына 40 адам қатысты

Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күніне орай жаппай жүгіру шарасы өтті. Оған СҚО ҚХА мүшелері қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өту орны – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы. 40 қатысушы 2 шақырымды бағындырды. Жеңімпаздарға медальдар мен сыйлықтар табысталды.

“Бізбен бірге студенттер мен оқушылар жүгірді. Балалардың салауатты өмір салтын таңдағанына қуаныштымыз. Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің мемлекетіміздің негізі деп айтқым келеді. Әр спортшы халықаралық аренада Қазақстанның әнұранын шырқатуды, туын көкке көтеруді армандайды”, – деді СҚО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Владимир Витченко.

Shares