ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жүгіру шарасына 40 адам қатысты
Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күніне орай жаппай жүгіру шарасы өтті. Оған СҚО ҚХА мүшелері қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Өту орны – ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы. 40 қатысушы 2 шақырымды бағындырды. Жеңімпаздарға медальдар мен сыйлықтар табысталды.
“Бізбен бірге студенттер мен оқушылар жүгірді. Балалардың салауатты өмір салтын таңдағанына қуаныштымыз. Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің мемлекетіміздің негізі деп айтқым келеді. Әр спортшы халықаралық аренада Қазақстанның әнұранын шырқатуды, туын көкке көтеруді армандайды”, – деді СҚО ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Владимир Витченко.