Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдың үш тұрғыны қаланың құрметті азаматы атағын алды

Петропавлдың үш тұрғыны қаланың құрметті азаматы атағын алды

March 27, 2024 11:52

Петропавлдың үш тұрғыны қаланың құрметті азаматы атағын алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Петропавл қалалық мәслихатының 13 сессиясында келесі азаматтарға “Петропавл қаласының Құрметті азаматы” атағын беру туралы шешім қабылданды:

  • Азегов Александр Анатольевич – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі.
  • Исманова Қымбат Есмұқанқызы – “Әжелер мектебі” клубының мүшесі, педагогикалық еңбек ардагері, “Дөңгеленген дүние-ай” кітабының авторы
  • Қашенова Рауза Әбутәліпқызы — “Өнер колледжі — Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат” кешені” КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Әдетте, қаланың құрметті азаматы атағы облыс орталығы мен оның тұрғындарының игілігі үшін аянбай еңбек ететін азаматтарға беріледі.

Shares