Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Синоптиктер СҚО тұрғындарын 23–27 қараша аралығында көктайғақ, қар және екпінді жел болатыны туралы ескертеді

Синоптиктер СҚО тұрғындарын 23–27 қараша аралығында көктайғақ, қар және екпінді жел болатыны туралы ескертеді

November 23, 2026 10:17

Қарашаның соңына қарай Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт құбылады. Жайлы өткен демалыс күндерінен кейін өңірде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді. Кей күндері желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбі, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр аралас қар жауады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с шамасында, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, күндіз 0–5 градус жылы болады.

Сейсенбі, 24 қарашада аталған аудандарда жауын-шашын жалғасады. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыстырып, жылдамдығы 9–14 м/с деңгейінде сақталады. Жекелеген аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, күндіз 0–5 градус жылы болады.

Сәрсенбі, 25 қарашада түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, күндіз жауын-шашын облыстың батысын, солтүстігі мен оңтүстігін қамтиды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с болып, кей аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0–5 градус аяз шамасында болады.

Аптаның екінші жартысында ауа райы одан әрі күрделене түседі. Бейсенбі, 26 қарашада жаңбыр мен қар жауып, облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетіп, кей жерлерде екпіні 23–28 м/с болады. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, күндіз 0–5 градус жылы күтіледі.

Жұма, 27 қарашада жауын-шашын толастамайды: СҚО-ның батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні бәсеңдемейді — 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында құбылады.
Осыған байланысты өңір тұрғындарына алыс жолға шығарда және серуендеуді жоспарлағанда ауа райының қолайсыздығын ескеру, көктайғақ кезінде жолда барынша сақ болу және жел күшейген уақытта елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ұсынылады.

Shares