Серік Мұхамедиев су тасқыны салдарын жою жұмыстары бойынша қарыз мәселесін түсіндірді
November 14, 2025 11:08

Журналистер Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевпен кездесуде су тасқыны кезінде жұмыс істеген компаниялармен қала билігі есеп айырысты ма? деген сұрақ қойды. Әкімнің айтуынша, негізгі мердігерлермен есеп айырысу толық аяқталған. Алайда бұзу және қоқыс шығару жұмыстарын атқарған ұйымдарға берешек әлі бар, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қала әкімі компаниялармен үнемі байланыста екенін және мәселе міндетті түрде шешілетінін айтты.
«Әлі бұзылмаған нысандар бар, сондай-ақ Ойқала шағын ауданы бойынша да көптеген сұрақ туындап отыр, себебі су деңгейі өте жоғары, техника кіре алмайды. Олар аяқтамаған жұмыстар да бар, сол бағыттағы мәселелер бойынша есеп айырысамыз», – деді Серік Мұхамедиев.
