Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жыл басынан бері СҚО жолдарындағы жол-көлік оқиғаларынан 25 адам қаза тауып, 400-ден астамы жарақат алған

Жыл басынан бері СҚО жолдарындағы жол-көлік оқиғаларынан 25 адам қаза тауып, 400-ден астамы жарақат алған

August 11, 2026 13:36

Солтүстік Қазақстан облысында 10-12 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Алдын алу жұмыстарының өзектілігін статистика да көрсетіп отыр. Жыл басынан бері өңір жолдарында 287 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 25 адам қаза тауып, тағы 414 адам түрлі жарақат алған.

ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылуда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты сақтауды, жол жағдайын ескеруді, қауіпті маневрлер жасамауды және көлік басқару кезінде алаңдамауды еске салады. Жаяу жүргіншілерге де жолдың жүріс бөлігін кесіп өту кезінде барынша сақ болу қажет.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы мұқияттылық пен жауапты мінез-құлық жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Shares