Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдық хоккейшілер ҚР чемпионатында қатарынан 2 жеңіске қол жеткізді

Петропавлдық хоккейшілер ҚР чемпионатында қатарынан 2 жеңіске қол жеткізді

“Qulager” хоккей клубы өз мұз айдынында тұрақты Қазақстан чемпионаты аясында қарағандылық “Сарыарқаны” жеңді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бірінші ойында біздің хоккейшілер минималды есеппен басым түсті. Таблода 1:0 есебі тіркелді. Кездесудің 24 минутында шапшаң шабуылшысы Андрей Равецкий көзге түсті. Айтпақшы, бұл сәтте біздің ойыншылар айдында сан жағынан кем болды.

Екінші ойында хоккейсүйер қауым бір емес, бірнеше шайбаның куәгері болды. Бұл жолы есеп 4:2 болды. Бірінші кезеңде жерлестеріміз 3 шайба соқты, ал қарсыластар жағы жауап қата алмады. Бірақ соңғы 20 минутта теріскейлік хоккейшілер босаңсып, қақпаға 2 шайба дарытып алды. Алайда, қорытынды есеп – 4:2. Бұл сенімді жеңіс “Qulager” ХК қоржынына кезекті 3 ұпайды салды.

Қазір біздің жігіттер турнир кестесінде 31 ұпаймен 9-шы орында тұр. Келесі ойын 16 желтоқсанда сырт айдында өтеді. Жергілікті ұжымның қарсыласы – “Горняк”.

 

 

Shares