Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2023 жылы жиі көрсетілген 3 қызметті атады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2023 жылы жиі көрсетілген 3 қызметті атады

2023 жылы азаматтар ХҚКО операторларына жүгініп, олар арқылы 16,6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алды. Бұл жайлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі жариялады, хабарлайды QZ Media тілшісі.

Айта кетсек, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: ЭЦҚ алу, көлік құралдарын тіркеу және жеке куәліктер мен паспорттар алу.

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы Арман Кенжегалиев жылды қорытындылай келе былай деді.

“Біз қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді одан да қолжетімді еткен бірқатар инновациялық шешімдерді енгіздік. Мәселен, мысалы, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы кеңейді. Ол арқылы биыл 300 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Алдағы жылы Мемлекеттік корпорация процестерді автоматтандыруды жалғастырады. Бұл ашықтықты, азаматтар мен бизнес үшін кедергілердің жоқтығын, деректердің қауіпсіздігін және нәтижесінде азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуын қамтамасыз етеді”,- деді.

Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалықтары “Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” жаңа ақпараттық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функцияларының “Азаматтарға арналған үкіметке” берілуі, Астана және Алматы ХҚКО-ларында паспорт пен жеке куәлік дайындауға өтінім беруге болатын құжаттаудың 12 терминалының орнатылуы болды. Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-ларда ЖЖЕ 3.0 жүйесін, яғни жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырудың бақылау деңгейі жоғары жаңа жүйесін енгізді.

Қоса кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО операторларымен 400 мың  мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 520 мың өтініш өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында көрсетілді.

Shares