Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Павлодар облысындағы шахтада төтенше жағдай: 8 қаңтарда не белгілі?

Павлодар облысындағы шахтада төтенше жағдай: 8 қаңтарда не белгілі?

Құтқарушылар Павлодар облысының шахтасына құлаған автобусқа жету жолын тереңдетуде, ол бір күн бұрын бірегей геосканердің көмегімен 5 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.

“Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жынысы шығарылды”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Бүгін автобус өткелін дұрыс бағытта тазарту үшін құтқарушылармен геосканер қайтадан қолданылды.

ТЖМ өкілдері атап өткендей, оқиға орнында КӘАҚҚ РО, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47 техника жұмылдырылған.

Жазатайым оқиғаның себебін тергеу мақсатында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, еңбек басқармасы, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымы департаментінің басшылары мен мамандары енді.

Тергеу жұмысын жан-жақты ұйымдастыру және жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін төрт сараптама ұйымының өкілдері тартылған, деп атап өтті ТЖМ.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын. Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Карьер аумағында жарылыс болып, құтқарушылар шақыруға бара жатқан. Кейін құтқарушылар қайтыс болған екі адамның денесін тапты.  Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

 

Shares