Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда журналистердің жұмысына өзгеріс енгізу көзделіп отыр

Қазақстанда журналистердің жұмысына өзгеріс енгізу көзделіп отыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ қызметінің шарттарын жетілдіру жоспарлары туралы хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отыра QZ Мedia тілшісі.

“Бүгінгі таңда “Масс-медиа туралы” Қазақстан Республикасының заң жобасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына қойылатын талаптардың ескіру мерзімін үш жыл белгілеу ұсынылады. Ескіру мерзімін шектеу БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Комитеті ұсынған журналистер мен БАҚ редакцияларын құқықтық қорғаудың кең таралған элементі болып табылады. Мұндай шектеудің болмауы журналистер мен БАҚ редакциялары тарапынан мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуді қиындатып, соңғысын барлық мұрағаттарды, құжаттарды, ақпарат көздерін сақтауға мәжбүр етеді”, – деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ БАҚ сұрауларын қарау мерзімдерін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады. Бұл норма журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді, осылайша ақпараттық күн тәртібінің өзектілігін сақтайды деп күтілуде.

“Жаңа заң аясында жұмысты жалғастыру үшін журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуді жетілдіру көзделуде. Жалпы, “Масс-медиа туралы” Қазақстан Республикасының заң жобасында көзделген шаралар кешені журналистердің мәртебесін арттыруға бағытталған”, – делінген арнайы жазбада.

Shares