Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Герольд Бельгерді еске алу шарасы өтті

Петропавлда Герольд Бельгерді еске алу шарасы өтті

Прозашы, публицист, аудармашы, әдебиеттанушы – Герольд Бельгердің өмірден озғанына 9 жыл болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің қабырғасында Герольд Бельгерге арналған мұражай жұмыс істейді. 7 ақпанда бірінші курс студенттері оның өлеңдерін оқып, ұстаздар қауымы балаларға дарынды тұлғаның өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Әдебиеттанушы Шал ақын ауданында балалық және жастық шағын өткізді. Ақнұр Базарбекова сол жерде туған. Атақты жазушының әкесі – Карл Бельгер азаматшаның анасын босандырыпты.

“Мен – бұрынғы Ленин ауылынанмын, сол жерде Герольд Бельгер өмір сүрді. Бұл жайтты мақтан тұтамын. Мен бала болсам да, оның ата-анасы есімде қалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында олардың отбасы СҚО-ға жер аударылды. Ауыл тұрғындары жанұяны құшақ жая қарсы алды, барлығы көмектесті”, – деді Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Ақнұр Базарбекова.

Чемодан, кеңсе тауарлары, әртүрлі тілдерде жазылған кітаптар және т.б. Мұражайда Бельгердің жеке заттары да бар. Оларды әдебиеттанушының қызы тапсырды. Студенттердің айтуынша, мұндай кездесулер туған өлкенің мәдениетіне, елдің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

“Бүгін Герольд Бельгерді еске алу күні болды. Оның қазақ, орыс тілдерінде 80-нен астам кітап жазғаны туралы білдік. Неміс тілінен қазақ тіліне аударған. Ол – ұлы адам. Мен жастар жағы осындай адамдарға тең болуы керек деп санаймын”, – деді колледж студенті Салтанат Сәрсенова.

Герольд Бельгер – 40-тан астам кітаптың, оның ішінде «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Тас өткел» сынды еңбектердің, сондай-ақ мерзімді басылымдарда 1600 жұмыстың авторы. Жерлесіміз жылына 7-8 кітап шығарған.

 

Shares