Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Қазақстан мен Ресейдің белгілі сыншылары С. Мұқанов атындағы қазақ театрында 4 қойылым тамашалайды

Қазақстан мен Ресейдің белгілі сыншылары С. Мұқанов атындағы қазақ театрында 4 қойылым тамашалайды

Осы аптада қаламызда орналасқан С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қабырғасында  Ресей мен Қазақстанның белгілі театр сыншылары қонақ болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Алтын маска” ұлттық сыйлығының ресейлік сарапшысы Екатерина Морозова, өнертану кандидаттары СӘния Қабдиева мен Айсұлу Сағитова Петропавлда үш күн болады.

“Бізде қарым-қатынас пен дұрыс бағытта келе жатқанымызды түсінетін әрі актерлерді рөлдерге қосымша дайындайтын білім жоқ. Біз мұндай сұрақтарды өзімізге де жиі қоямыз. Қалыпты театр ортасында пікір алмасу міндетті тұрде болуы керек, сондықтан театр сыншыларын арнайы шақырдық. Біздің қонақтар 4 спектакльді тамашалайды: “12 минут”, “Кукарача”, “Жындының жазбалары” және “Шолпанның күнәсі”. Біз түрлі тұсты талқылаймыз, пікірлерімізбен бөлісеміз”, – деді С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев.

Театр сыншысы Екатерина Морозова – шығыс театр өнерінің және кинематографиясының тарихы мен эстетикасы бойынша ғылыми жұмыстардың авторы, ресейлік және халықаралық өнертану конференцияларының қатысушысы. Ол әріптестерімен диалог құрып, тиімді уақыт өткіземін деп үміттенеді.

“Мен фестивальдарда қазақстандық театр ұжымдарымен кездесулер өткіздім, қарым-қатынас еркін форматта болды. Театр қонақтарды өзінің “үйіне” шақыру – өте құнды дүние. Ұжымның үйреншікті алаңында оның дамуына қарау қызықты болады. Мен спектакльдерді асыға күтемін, олардың арасында заманауи режиссурамен және ұлттық нақыштағы қойылымдар бар. Спектакльдерден кейін театр ұжымы біздің талқылауларымызды жаза түрінде қабылдамағанын қалаймын. Бұл кәсіби өнер туралы диалог болады. Мен бұған дайынмын”, – деді “Алтын маска” ұлттық сыйлығының сарапшысы, Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) оқытушысы Екатерина Морозова.

Баспасөз мәслихаты барысында отандық сарапшылар да өз пікірлерімен бөлісті. Олар С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ұжымының жұмысына жоғары баға берді.

“Труппа үнемі жаңартылып отырады. Қалған мамандар жұмыс істеуге күш табады, актерлер шеберлік сабақтарына, зертханаларға қатысады, театр басшылығы қызықты режиссерлермен жұмыс істеуге тырысады. Мен үшін бұл – театрдың кәсіби жұмыс істейтіндігінің анық көрінісі”, – деді театр сыншысы, өнертану кандидаты Сәния Қабдиева.

 

Shares