Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Қозыбаев университетінің мамандары қазақ халық ертегілеріне иллюстрациялар дайындады.

Қозыбаев университетінің мамандары қазақ халық ертегілеріне иллюстрациялар дайындады.

Қозыбаев университетінің дизайнері Евгения Боргуль, сондай-ақ “Құрылыс және дизайн” кафедрасының аға оқытушылары Юлия Попова мен Ирина Шашкина бейнелеу өнері туындысына авторлық құқық куәлігін алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Суретшілер Қазақ халық ертегілеріне иллюстрациялар дайындады. Олар өз жұмыстарында танымал ертегі кейіпкерлерінің дизайнын қолданды.

Оқытушылардың айтуынша, жаңа суреттер жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырады: “Қайта дизайнды қолдана отырып, түпнұсқаны жаңа «қаптамаға» ауыстыруға болады”,- деп санайды дизейнерлер.

«Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан саласының бірі. Халық ертегілері өскелең ұрпақты адалдыққа, еңбек сүйгіштікке үйретеді. Заманауи түрде жасалған жаңа дизайн мен суреттер жастардың әдебиетке деген қызығушылығын оятады. Кітаптар үшін анимациясы бар цифрлық формат қарастырылған, бұл планшет пен ұялы телефон арқылы көруге мүмкіндік береді», – деп бөлісті аға оқытушы Юлия Попова.

Авторлар ұжымы жаңа дизайн кітаптарға бірегейлік беріп, оқырмандар қазақ халық ертегілерін жаңаша қабылдайды деген үмітте. Қоса кетейік, жергілікті университет оқытушылары мұндай жоғары жетістікке алғаш рет жетті.

Shares