Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда Ресей театр өнері институты (ГИТИС) педагогтары шығармашылық шеберлік сабақтарын өткізуде

Петропавлда Ресей театр өнері институты (ГИТИС) педагогтары шығармашылық шеберлік сабақтарын өткізуде

Петропавлда жұмыс бабы бойынша Ресей театр өнері институты (ГИТИС) мұғалімдері жүр. Олар театр актерлеріне, өнер колледжінің студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Актерлерге мұндай кездесулер мамандықты одан әрі зерттеуге серпін беру үшін қажет. Біз жеткізуге тырысатын барлық білім театр ұжымына шығармашылық мәселелерді өз бетінше шешуге, рөлдерді талдауға, спектакльдерге дайындалуға көмектеседі”, – деді Ресей театр өнері институты (ГИТИС) режиссура кафедрасының педагогы Михаил Чумаченко.

Ресей театр өнері институты (ГИТИС) сахналық пластика кафедрасының оқытушысы Руслан Насибулин әртүрлі елдердің актерлерін оқытты. Оның пікірінше, тәжірибелі сахна шеберлері жаттығуларда өздерін жақсы қырынан көрсетеді, ал жас таланттарға көптеген ой мен күмән кедергі келтіреді.

“Бұл – өз әріптестерімізге арналған тренингтер, дене шынықтырумен байланысты жұмыс, акробатика, пластика. Жаттығу негізгі саналады, ол актерлерге бір-бірін жақсы сезінуге көмектеседі. Бір жыл бұрын мен Қазақстанға шеберлік сабағымен келген едім”,-деді Ресей театр өнері институты (ГИТИС) сахналық пластика кафедрасының оқытушысы Руслан Насибулин.

Shares